Ғалымдар: көлік жүргізу қарттардың денсаулығына оң әсер етеді
Ғалымдар: көлік жүргізу қарттардың денсаулығына оң әсер етеді
Америкалық ғалымдар көлік айдаудың қарттар саулығына оң әсер ететінін анықтады.
Көлік тізгіндеген қариялардың ақыл-ойы бүтін болып, есте сақтау және түйсік қабілеттерінде жастың ұлғаюына байланысты болатын кері өзгерістер барысы баяулайды екен.
Ғалымдар жүргізген тәжірибеге жасы 55-тен асқан жүзге жуық жүргізуші қатысқан. Медициналық тексеруден кейін олардың арасында күйзеліске ұшырау жағдайлары мен жүйке жүйесі ауруларының өте сирек кездесетіндігі анықталды.
Жүргізуші қарттар шұғыл шешімді дер кезінде қабылдап, маңызды ұсақ-түйекті назардан тыс қалдырмайтын болып шықты. Зерттеушілердің айтуынша, бұл көлік айдау кезінде мидың түсінік үшін жауап беретін бөліктері жұмысының артуы арқасында болады, деп жазады planet-today.ru-ға сілтемемен 24.kz.