Мәдениет

Алып Ақын шығармаларына арналды

Алып Ақын шығармаларына арналды

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Ж.Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, ақын шығармаларын зерттеудің теориялық мәселелерін қарастыру мақсатында ақынның 170 жылдығына орай «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Онлайн жүйеде өткен шараны филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рахат Елубаева ашып, жүргізіп отырды. Жиында ақын шығармашылығы хақында Алмасбек Белботаев, Азиза Кәрібаева, Меңдібай Әбілұлы, Темірбай Мұқашевтар баяндама жасап, келелі пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, онлайн жүйеде байланысқа шығып отырған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы» кафедрасының доценттері Мүбәрәк Үмбетов пен Бұлдыбай Анарбайлар да өз кезегінде орамды ойларын білдірді. Университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтарының студенттері шараға белсенді ат салысып, бірі ақын шығармашылығы туралы сауалдар жолдаса, енді бірі арнау өлеңдерін оқып, шара маңызын арттыра түсті.

«Ақ жол-Ақпарат».