Денсаулық

Шымкентте кәріз құбырынан нәресте денесі табылды

Шымкентте кәріз құбырынан нәресте денесі табылды

Шымкентте нәресте денесінің табылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ішкі істер департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Айта кетейік, WhatsApp мессенджері арқылы қаладағы ықшамаудандардың бірінен нәрестенің табылғаны түсірілген видео таратылған еді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қаратау аудандық ІІБ полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның 2016 жылдың 17 ақпанында Шымкенттегі "Нұрсат" ықшамауданында болғанын анықтады.

"Өлі нәрестені қаладағы кәсіпорындардың бірінің қызметкері кәріз құбырын тазалау кезінде тапқан. Қажетті шаралар жүргізілгеннен кейін дене сот-медициналық сараптамасына жіберілді", - деді ІІД өкілдері.