Денсаулық

Президенттің Баспасөз қызметі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған фотобайқау жариялады

Президенттің Баспасөз қызметі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған фотобайқау жариялады

Президенттің Баспасөз қызметі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - қазақстандықтар көзімен» атты фотобайқаудың басталғанын жариялайды.

Байқауға тәуелсіздік жылдары түсірілген әуесқой және кәсіпқой фотографтардың авторлық жұмыстары қабылданады. Суреттердің форматына шектеу қойылмайды, мобильдік телефондар арқылы түсірілген суреттер де қабылданады. Міндетті түрде суреттің сюжеті мен тарихы туралы аннотация болу керек.

Қазылар алқасының мүшелері таңдау жасау барысында ең алдымен тақырыптың ашылу деңгейіне, суреттердің мазмұнына назар аударады.

Ақорданың фейсбуктегі ресми парақшасының хабарлауынша, жеңімпазға 1 млн. теңге мөлшерінде сыйақы тапсырылады. Екінші орын иесіне - фотоаппарат, үшінші орын алған адамға планшет беріледі.

«Қазылар алқасының төрағасы - Президенттің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев, мүшелері - Қазақстанның танымал және тәжірибелі фотографтарының бірі Валерий Коренчук, продюсер Баян Есентаева, «Мейірімділік» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, фотографтар Эльмар Ахметов және Дамир Өтеген.

«Фотоконкурс» деп белгі салынған суреттер 18 ақпан - 18 сәуір аралығында akorda.press@gmail.com электрондық поштасына жолдануы керек. Хатта аты-жөнін және байланыс телефондарын да көрсету қажет. Жеңімпаздардың аты-жөні 2016 жылғы 29 сәуірде жарияланатын болады», - деп жазылған хабарламада.