Денсаулық

Интернеті баяу қолданушы үрейлі фильм көру кезіндегідей күйзеліске ұшырайды - ғалымдар

Интернеті баяу қолданушы үрейлі фильм көру кезіндегідей күйзеліске ұшырайды - ғалымдар

Видео көріп отырған кезде Интернет жылдамдығының нашарлауынан туындайтын күйзеліс үрейлі фильмнен алатын күйзеліспен бірдей, - деп хабарлайды "Вести.Ru" Ericsson компаниясының есебіне сілтеме жасап.

Зерттеушілер теорияларын тексеріп көру үшін видео көріп отырған адамдардың эмоцияларын бақылайтын нейротехнологияны пайдаланып көрді. Видеоны жүктеп жатқан кездегі іркіліс тамыр соғысын 38 пайызға жиілетуге әкеледі екен. Сонымен қатар, видеоны көру кезіндегі 6 секунд үзіліс күйзеліс деңгейін 30 пайызға көтереді. Бұл математикалық күрделі есепті шығарған кездегі және жалғыз отырып үрейлі фильм көрген кезде алатын күйзеліспен бірдей.

Алынған мәліметтер видео жүктеген кезде іркілістің болмауы қолданушының операторға деген ниеттестік индексін 4,5-ке көбейтсе, іркіліс болған кезде индекс 4-ке төмендейді.