Доллар бағамы 350 теңге көрсеткішінен түсті
Доллар бағамы 350 теңге көрсеткішінен түсті
18 ақпандағы KASE қор биржасының күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 349,96-ға тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валюта таңғы сессияға қарағанда 3 теңгеге нығайып отыр.
Күндізгі сессиядағы алғашқы келісім 350,5 теңгемен жасалды. Саудада төменгі баға 349,34 теңге болса, жоғарысы 350,85 теңгеге жетті. Сессияда сауда көлемі 89,1 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 347-354 теңге аралығында сатып жатыр.
Еске салайық, бүгін таңғы сессия қорытындысы бойынша шетел валютасының бағамы 352,08 теңгеге тең болған еді. Ол кезде ақша айырбастау пункттері долларды 350-357 теңге аралығында сатты.