Денсаулық

Анкарадағы жойқын жарылыс: зардап шеккендер бар

Анкарадағы жойқын жарылыс: зардап шеккендер бар

Түркия астанасы Анкарада қуатты жарылыс болды. Түрік билігінің алдын ала болжамына қарағанда, бұл автомобильге қойылған жарылғыш  заттың іске қосылуынан орын алған. CNN Turk деректері бойынша, зардап шеккендер бар. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, жарылыс әскерилер жатақханасын бүлдірген. Түріктің  NTV телеарнасының деректеріне қарағанда, жарылыс әскерилер мінген шағын автобус өтіп бара жатқан кезде оған жақын маңда болған.