100 жылдан соң адамдар тағамды ғаламтор арқылы жүктейді
100 жылдан соң адамдар тағамды ғаламтор арқылы жүктейді
100 жылдан кейін 3D принтері қалыпты іске айналып, адамдарға ғаламтор арқылы өзіне ұнаған кешкі асты жүктеу еш қиындық тудырмайтын болады.
Ғалымдар технологияның дамуына байланысты олардың тәжірибеде қолданылуына болжам жасауға тырысты. 2116 жылы адамдар Марсқа, Айға еркін ұшып барып, алдын ала болжам жасау қабілетін меңгереді. Тағамды ғаламтордан жүктеп қана қоймай, жер астында 25 қабатты үйлерде тұратын болады. Ұшақтар мен көліктер жүргізушісіз діттеген жерге жеткізеді. Сондай-ақ ресейлік ғалымдар келешекте адамды биопринтерде 2 сағат 47 минутта басып шығаратынын мәлімдеген болатын.