5 минутта 48 пайызға қуаттайтын технология
5 минутта 48 пайызға қуаттайтын технология
Жақында қытайлық Huawei компаниясы қарсыластары қызығарлық жаңа технология ұсынды. Бұл құралдың көмегімен 3000 mAh батареяны 5 минутта 48 пайызға қуаттауға болады, ал толығымен толуы үшін 30 минут керек. Сонымен қатар, бұл қуат толтырғыш литий-йон батареялардың тозуына жол бермейді. Яғни, батареялар бұрынғыларға қарағанда ұзақ мерзімге жарамды болмақ.
Бұл жаңалықты жылдың басты жетістігі десе болады. Өйткені, бұған дейін Galaxy Note 5 телефонының батареясын 100 пайызға толтырылу рекорды 1 сағат 20 минутты құраған болатын.