Audi Айдың бетімен жүретін аппарат ұшырмақ
Audi Айдың бетімен жүретін аппарат ұшырмақ
Немістің Audi компаниясы өзінің Lunar Quattro аппаратын ғарышқа ұшыруға дайындалуда. Жақында аппарат Берлиндегі Part-Time Scientists ғылыми тобына беріледі.
Бұл топ Google компаниясы жариялаған Lunar XPRIZE сайысына қатысады. Сайыс шарты бойынша қай компания жол талғамайтын ғарыш аппаратын Айға бірінші болып жеткізсе, жеңімпаз атанады. Мұнымен қоса, аппарат Айдың беткі бөлігімен кем дегенде 500 метрді жүріп өтіп, Жерге оның серіктесінің анық түсірілген суреттерін салып жіберуі керек. Audi-дің Айда жүргіш аппараты алюминийден жасалған. Аппараттағы арнайы панель күн энергиясын электр қуатына айналдырады. Ол жылдамдықты сағатына 3,6 шақырымға дейін арттырады. Әлемнің айтулы инженерлері білек сыбана жарысқалы отырған бұл сайысқа 30 миллион АҚШ доллары тігілген.