Саясат

«Бірлік» партиясы 8 кандидат ұсынды

«Бірлік» партиясы 8 кандидат ұсынды

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті партияның бірі – 2013 жылы «Руханият» және «Әділет» партияларының бірігуі нәтижесінде өмірге келген «Бірлік» партиясы. Мәжіліс және мәслихат депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауға байланысты аталған партия ақпанның 5-і күні Астана қаласында өзінің кезектен тыс ІІ съезін өткізгені белгілі. Партияның жалпы республика бойынша 53 мыңнан астам мүшесі бар. Аталған саяси-қоғамдық бірлестіктің төрағасы Серік Сұлтанғалидың басшылығымен өткен съезд шешімі бойынша партия атынан алдағы сайлауға ұсынылған 8 үміткердің партиялық тізімі бекітіліп, ол Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шаһизада Ибрайымның айтуынша, аталған партияның сайлауалды штабы Астана қаласында ашылып отыр. «Бірліктің» облысымызда сайлау штабы Тараз қаласы, Абай даңғылы бойындағы 109-үйдің бірінші қабатында орналасқан.

«Ақ жол-Ақпарат».