Денсаулық

KASE: Доллар 358,12 теңгеге тең

KASE: Доллар 358,12 теңгеге тең

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 358,12-ге тең болды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Күндізгі сессияда алғашқы келісім 359,8 теңгемен өтті. Саудада төменгі баға 357,3, ал жоғарысы 359,8 теңге болды. Сессия барысында сауда көлемі 36 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 355-359 теңге аралығында саудалап жатыр.

Еске салайық, бүгін таңғы сессияда теңгенің долларға қатысты бағамы 360,6 теңгемен қорытындыланған еді.