Ауған соғысының ардагерлері автобуста тегін жүретін болды
Ауған соғысының ардагерлері автобуста тегін жүретін болды
Бастапқыда бұл мәселе біраз уақыт шешімін таппады. Содан соң «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, тиісті мекеме басшыларына, қала әкіміне барып, өз ұсыныстарымызды айттық. Басшылар да біздің тілегімізді аяқсыз қалдырмады. Үстіміздегі жылға Ауған соғысы ардагерлеріне қоғамдық көліктерде тегін жүруі үшін арнайы билеттер берілді. Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров, Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжан Жақсылықов және облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова, қаладағы №3 автопарктің басшысы Айдын Алтай бұл мәселені жан-жақты зерделей келіп, шешіп берді. Соның нәтижесінде қазіргі дағдарыс жағдайына қарамастан, біз автобустарда тегін жүру мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Мұны біз үлкен азаматтық іс деп білеміз. Ауған соғысы ардагерлеріне қамқорлық көрсетіп отырған басшыларға алғыс айтамыз.
Дүкенбай Ермеков, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.