біздің өңірде баспаналы болудың барлық мүмкіндігі бар
біздің өңірде баспаналы болудың барлық мүмкіндігі бар
Евгений Шарыгин, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры.
Біздің банк «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасының жалғыз операторы болғандықтан, тұрғын үйді сатып алушы мен жалға алушылардың қаражатын қалыптастырып, клиенттің төлем қабілеттілігін тексеру арқылы бағдарламаға қатысушылардың өтінішін қабылдау және тұрғын үйлерді конкурс негізінде бөлу жұмысына қатысуға міндетті. Бағдарлама шеңберінде «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» және «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» санаттары бойынша баспанамен қамту көзделген. Ал бұл тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы бері 10 көп пәтерлі үйдің пайдалануға берілуі – осыған дәлел. Облыста жас отбасыларға жалпы ауданы 23,7 мың шаршы метрді құрайтын 390 пәтерлі 5 үй, «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша көлемі 21,3 мың шаршы метр болатын 269 пәтерлі 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылы барлық құрылыс көлемі және оны қаржыландыру талаптары сақталып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатынан жалпы ауданы 16,4 мың шаршы метр 210 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысын аяқтауға «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша 600 миллион теңге бөлінген болатын. Соның нәтижесінде «Арай» тұрғын алқабынан 130 пәтерлі 2 үй пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда салымшылардың төлем қабілеттілігін бағалау және аталған нысандардағы пәтерлерді бөлу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы біздің банктің 130 салымшысы өз жеке пәтерлеріне ие болмақ. Биыл бағдарлама аясында «Арай» тұрғын үй кешенінде 80 пәтерлі 3 үй салу және сату жоспарланып отыр. Біздің аймақ бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 116 мың теңге тұрады. Биылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы банк салымшыларына өтемақы төлеу рәсімін бастағанын айта кеткен жөн. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатынан туындаған бұл істе өтемақы төлемі бюджет және банктің меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылмақ. Өтемақы төлеу тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын рәсімдеу және қызмет көрсету рәсімін жеңілдету мақсатында банк салымшыларына тұрғын үй құрылыс жинақ шартының жалпы талаптарына қосылу жолымен жүргізіледі. Тұрғын үй құрылыс шартының қосымша келісімін жасаған күні ақша қаражатының қалдығы болған жағдайда, еркін құбылмалы айырбас бағамы режіміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бір ескерте кетер жайт, қосымша келісім осы жылдың 8 ақпаннан бастап, 1 маусымға дейінгі кезеңде (қосымша келісім жасаудың, өтініштерді қабылдаудың соңғы күні 31 мамыр) салымшының электронды сандық қолтаңбасы арқылы жасалады. Кез-келген азамат үкіметтің қаражат бөлу туралы қабылдаған шешімі мен банктің жылдық қаржылық есептілікті бекіткен сәтінен бастап күшіне енетін барлық қажетті құжаттармен банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында таныса алады. Қандай да бір сұрақтар туындап жатса, 300 нөмірін теріп, банктің байланыс орталығына хабарласуларына болады.