Басты жаңалық

Автобус апатында 10 адам тірідей өртенді

The final spritzer

Автобус апатында 10 адам тірідей өртенді

Бейсенбі күні жолаушылар автобусы Мексиканың Табаско штатында жолда жанармай толтырылған цистернамен соғылып, салдарынан тұтанған өрттен 10 адам қаза болды. Бұл туралы жергілікті құтқару қызметтеріне сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.

Апат Вильяэрмоса мен Сьюдад-дель-Кармен қалаларының арасында орын алған. Қақтығыс салдарынан автобус екіге бөлініп, цистернадағы жанармай тұтанған. Адамдар жалын ішінде мерт болды. Тағы 20-ға жуық адам жарақаттанып, денелерін күйік шалған. Алдын ала ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісінің рульде қалғып кетуі себеп болған.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.