Денсаулық

Доллар бағамы 6 теңгеге дейін құнын түсірді

Доллар бағамы 6 теңгеге дейін құнын түсірді

Қазақстан қор биржасы (KASE) саудасындағы теңгенің орташа бағамы долларына 357,24 теңгені құрап, доллар бағамы 6 теңгеге дейін құнын түсірді.

Қазақстан қор биржасында өткен таңертеңгілік саудада теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы долларына 357,24 теңге болды. Осылайша, бұған дейінгі сауда күнімен салыстырғанда, доллар бағасы 5,78 теңгеге түсті.

KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 357-363,73 теңге аралығында тұрақтады. Ал сауда-саттық көлемі $14,7 млн болып, жасалған мәміле 30 болды.

Kurs.kz және valuta.kz мәліметтеріне сенсек, айырбас нүктелерінде долларды 355 теңгеден сатып алып, 350-360 теңгеден сатуда. Ал кей жерлерде долларды 353 теңгеден сатып алып жатыр.