Басты жаңалық

Қытайда ескі көлік базары қарқынды дамуда

Қытайда ескі көлік базары қарқынды дамуда

Du Xiyong «сатушыдан-сатып алушыға» компаниясының веб-сайты үлкен сауда платформасына айналғанын мәлімдеді. 

– 2014 жылдың басында біз әріптестермен отырып қандай кәсіп ашуға болатынын ақылдастық. Сөйтіп ескі заттар базарын ашқан тиімді деп шештік, – дейді Du Xiyong. Қытай автокөлік өндірушілерінің қауымдастығы өкілдерінің айтуы бойынша, былтырғы жылы Қытайда 24,6 миллион көлік сатылған. Қытайда жаңа көліктердің сатылуы. – Өткен жылы 7 миллион ескі көлік сатылды, ал бұрнағы жылы 1 миллион сатылған болатын. Өткен маусымда «Тencent» интернет сайты 85 миллион АҚШ доллар пайда тапқан. Сатушылар өз көліктерін сайтқа тегін жарнамалай алады. Жарнама түскеннен кейін жұмысшылар барып көлікті толықтай тексереді. Көлік жол апатына ұшыраған ба, жоқ па, су астында қалған ба, күрделі жөндеу жүргізілген-жүргізілмегенін толықтай тексереді. Тұтынушы сатып алғаннан кейін компанияға 3 пайыз ақы төлейді. Егер 2 апта көлемінде көлік тұтынушының көңілінен шықпаса, көлікті қайтарып, ақшасын толықтай алуына мүмкіншілік бар, – дейді Du Xiyong. «Renrenche» компаниясы Гуанчжоу мен Нанчжинге танымал болмастан бұрын Пекинде 2014 жылдың аяғында ашылған. 2015 жылдың қаңтар айында бар болғаны 200-300 көлік сатылған, ал желтоқсан айында 10000-нан астам көлік сатылған екен. Қазіргі таңда компания 30 қалада жұмыс жасайды.

Alice Yan, South China morning Post, 6 ақпан, 2016.