Ханзу Жаңа жылы туралы білуге тиіс 3 нәрсе...
Ханзу Жаңа жылы туралы білуге тиіс 3 нәрсе...
Қытайлықтар негізінде халықаралық Григориан күнтүзбесін қолданады, ал дәстүр бойынша Ай күнтізбесімен жыл санайды. Әдетте, қытайлықтар жыл санауды ай туылғанда бастайды және олар бұл күнді жақсылыққа әкелер сәт деп есептейді.
Қытай Жаңа жылы туралы бірнеше мағлұмат: 1. Бұл – жанұя мейрамы. Григориан күнтізбесіндегі Жаңа жыл секілді асыр салып, ойнап, алаңда қарсы алатын мейрам емес. Әдетте, Қытайда Жаңа жыл қарсаңында бүкіл жанұя мүшелері дастарқан алдында жиналады. 2. Жылдың ең үлкен көшіп-қонуы. Қытайлықтар үшін бұл мереке мемлекеттік болып саналады. Сондықтан мектеп, университет, кеңселер бұл күні жұмысын тоқтатады. Есесіне барлық адамдар осы мерекені жанұямен қарсы алу үшін туған жерлеріне оралады. Соңғы есепке сүйенсек, Наурыздың басында 2,91 миллиард түрлі билет сатылған. Ал өткен дүйсенбіде бірнеше пойыздың рейсі тоқтағандықтан, 100 000 адам Гуанчжоу қаласының вокзалында кептеліп қалған еді. 3. Қазір Қытай Жаңа жылы бүкіл жерде тойланады. Қытайлықтар өте үлкен диаспора болып саналады. Бүкіл жер шарында кездеседі және соған орай, қытайлықтар қай жерде болмасын, өздерінің дәстүрлерін сақтауға тырысады. Мысалы, Нью-Йоркте бүкіл мемлекеттік мектептер дүйсенбі күні осы мерекені тойлау үшін жабылады. Одан басқа, Вьетнам, Корея, Тибет мемлекеттері дәстүрлі Ай күнтізбесін қолданып, Жаңа жылды осы уақытта тойлайды.
Nash Jenkins, Time (USA), 08.02.2016.