Аптаның 4 таңғажайып оқиғасы
Аптаның 4 таңғажайып оқиғасы
Анасы өз қызын алғаш рет 82 жылдан соң көрді
Лена Пирс өз қызын 1933 жылы дүниеге әкелген. Бірақ ол небәрі 14 жаста болғандықтан, жергілікті әкімшілік қызды балалар үйіне берген болатын. Кездейсоқ сәттердің арқасында анасы мен қызы бір-бірін 82 жылдан соң Нью-Йорк штатында көрді.
Баласының жүрек соғуын қайта естіді
2015 жылы қайтыс болған баланың анасы 4 жасар қыздың денесінен баласының жүрегін транспланттауға келіскен болатын. Туған баласының жүрек дүрсілін Ер ана ота сәтті өткен соң жуырда қайтадан есту мүмкіндігіне ие болды. Оның себебі, Хэзер Кларк баласының мүшелерін донорлыққа берген еді.
Қарны ашқан тюлень мейрамханада түстенді
Сан Диегодағы мейрамхананың бірінде кездейсоқ ашығып келген тюленьге дәмді тағам ұсынылды. «Marine room in LA Iolla» қайығының қызметкерлері 8 жасар ұрғашы тюленьді өздерінің кабиналарында балыққа тойып ұйықтап жатқанын көріп, бірден «Теңіз жануарларын құтқару» орталығына жеткізген. Табиғат жанашырлары сол сәтте түсірген суреттер адамгершілік қасиеттен сыр шертіп тұр.
Ақбасты бүркіттер Бостонға оралды
Американың басты символы болып табылатын ақбасты бүркіттерді Бостон үстінен ұшып бара жатқанына көптеген тұрғындар куә болды. Осындай оқиға соңғы рет 1982 жылы Массачусетс штатында байқалған.
John Doe,
USA Today, 07.02.2016.