Жапония және кит
Жапония және кит
Киттерді аулау – жапон халқының ертеден келе жатқан дәстүрі. Балықшылар киттерді ғасырлар бойы аулап келеді және жапондықтар өздерінің не жеу-не жемеу керек екені жайлы шетелдіктердің сындарын ұнатпайды.
Бір жапон адамнан алған сұхбатымда: «Жапондықтар ешқашан қоян етін жемейді, бірақ біз ағылшындарға не жеу керек екенін айтпаймыз ғой», – деген болатын. Алайда, менің айтқым келгені – қояндар киттер секілді жойылып кетіп бара жатқан жоқ емес пе?! Жапондықтар киттерді көп мөлшерде аулайды. Жапонияда 1940 жылдан бастап 1960 жылдарға дейін кит еті жалғыз ет ресурсы болған. Ал 1964 жылы Жапония 24000-нан астам кит аулаған. Қазіргі таңда Жапония Австралия және Америкаға кит етін импорттайды. Алайда, соңғы кездері жапон халқы кит етін пайдалануы жылдан-жылға азайып келеді. Бірақ кит аулау азая қоймаған. Оның себептерінің бірі – жапондық шенеуніктер мемлекеттік бюджеттің қысқаруын қаламауы.
Rupert Wingield-Hages, BBC news, Tokyo, 08.02.2016.