Денсаулық

Қазақстанда әскери қызметшілер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды

Қазақстанда әскери қызметшілер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды

Қазақстанда әскери қызметшілер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 1998 жылғы 1 қаңтардан бері Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери еңбек өтілі 10 жылдан кем әскери қызметшілеріне бюджеттік қаражат есебінен ақшалай ұсталымның 20 пайызы көлемінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі енгізілген болатын. Қазақстанның зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, әскери қызметшілер енді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды. "Осы түзетулер арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, сонымен қатар, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы атақ пен сыныптық шендерді тағуға, нысанды киім киюге құқықтарынан айырылған тұлғаларға қатысты", - деп хабарлады министрліктің өкілдері.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса отырып, ай сайынғы кірістен 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыруды жалғастыра береді.