Денсаулық

Теңгемен салынған депозиттердің үлесі артпақ - ҚР ҰБ

Теңгемен салынған депозиттердің үлесі артпақ - ҚР ҰБ

Теңгемен салынған депозиттер үлесінің артуы күтілуде. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деді.

«2016 жылдың 1 қаңтарында Ұлттық банк жеке тұлғалардың ұлттық валютамен сақталған депозиттеріне берілетін сыйақы ставкасының ең жоғарғы көлемін 10 пайыздан 14 пайызға дейін көтеріп, шетел валютасындағы депозиттердің ставкасын 3-тен 2 пайызға дейін төмендетті. Бұл теңге депозиттерінің тартымдылығын арттыруға, біздің елдің азаматтарының жинақтарын қорғауға мүмкіндік береді», - деді ҰБ төрағасы.

Д.Ақышев өз сөзінде алдағы уақытта ұлттық валютамен сақталған депозиттердің үлесі арта түсетіндігін баса айтты. Сонымен қатар бұл жайт экономиканы несиелеу үшін банктердегі теңге өтімділігін қамтамасыз ететін болады.

«Мұндай жағдайда Ұлттық банк ақша нарығына арналған пайыздық саясат тетіктерін жетілдірумен жұмыс істеуін жалғастырады», -  деді ол.