Денсаулық

Лаңкестік құрбандарын еске алу мұражайы

Лаңкестік құрбандарын еске алу мұражайы

АҚШ Президенті Барак Обама бірінші болып 2001 жылы 11 қыркүйекте лаңкестік актілердің салдарынан қаза болғандарға арналған мұражай экспозициясын қарап шықты.

Мұражай бейсенбі күні Ньй-Йорктің Манхэттен ауданында ашылды. Бұзылған қос мұнара орнындағы кешеннің негізгі бөлігі жерден 20 метр тереңдікте орналасқан. Көрме залдарының жалпы аумағы 1 шаршы шақырымды құрайды. Осы апатты бастан кешкендерден жазылған аудио жазба үнемі жүріп тұрады. Мұражайға кірер жерде келушілер үлкен картаны көре алады, онда лаңкестердің басып алып, зәулім ғимаратқа соғылған әуе лайнерлерінің бағыты көрсетілген. 15 мамырдан бастап алты күн бойы мұражайдың ресми ашылуына дейін оған зардап шеккендер, қаза болғандардың туыстары мен құтқару қызметтерінің жұмысшылары тегін келе алады. Ал қалғандары үшін мұражай 21 мамырдан бастап жұмыс істейді. Билеттердің бағасы 24 долларды құрады.