Экономика

Жауапты іске жайбарақат қарамайық

Жауапты іске жайбарақат қарамайық

Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Бүгінгі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз» – деп атап көрсетті. Жекешелендірудің екінші толқыны аясында облыс бойынша 2014-2015 жылдары 27 ұйым жекешелендірілетін болып белгіленді. 2014 жылы жекешелендірілген 11 ұйымнан жергілікті бюджетке – 66, 2 миллион, 2015 жылы 12 ұйымнан 24, 6 миллион теңге түсіп, барлық түсім 90, 8 миллион теңгені құрады. Оның ішінде, мемлекеттік қатысу үлесінің 51 пайызын құрайтын Тараз қаласының «Жасыл Ел Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 615, 8 миллион теңгеге 3 жыл мерзімге және «Болашақ» балаларды сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 300,0 миллион теңгеге 10 жыл мерзімге, біртіндеп сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Былтыр сатылуға тиіс монополиялар субъектісіне жататын «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы Үкімет қаулысына сәйкес, сатылуға биыл шығарылады. 2014-2015 жылдары 2 ұйым аукционға шығарылып, сатылмай қалды. «Рауан» балаларды сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны аукциондық сатылымға бір рет, сенімді басқаруға беру бойынша 5 мәрте тендерге қойылcа, «Тараз Тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сатылымға да, сенімді басқаруға беру бойынша да 3 мәртеден тендерге қойылып, сатып алушылардың болмауына байланысты сауда-саттық өтпей қалды. Т.Рысқұлов ауданындағы «Жасыл Құлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 49 пайызы да сатылымға 5 рет шығарылып, сатып алушылардың болмауына байланысты сауда-саттық өтпеген деп танылды. Сондықтан аудан әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен былтырғы 1 қарашадан таратыла бастады. Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсанда «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысы қабылданды. Осы құжатқа орай жоғарыда мазмұндалған 2014-2015 жылдары сатылмаған 3 ұйым мен 2016 жылы сатылуға тиісті ұйымдар енгізілді және бәсекелес ортаға беруге ұсынылған ұйымдармен толықтырылды. Осы қаулы талаптарына сәйкес облыс әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы қаулысымен бекітілген бәсекелес ортаға беруге ұсынылған ұйымдар тізбесіне облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының 5 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны- спорт клубтары, Тараз қаласының «Рауан» балаларды сауықтыру лагері» КМҚК, «Тараз тұрғын үй» ЖШС, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Жамбыл-Жылу», «Теміржол-Жылу» кәсіпорындары мен «Таразэнергоорталық» АҚ, сондай-ақ Меркі ауданы әкімдігінің «Таза су» кәсіпорны және Сарысу ауданы әкімдігінің «Көгалдандыру және көріктендіру» серіктестіктері енді. Қазіргі кезде жоғарыда мазмұндалған бәсекелес ортаға беруге ұсынылған ұйымдарды жекешелендіру бойынша облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Сәкен АСАТОВ, облыс әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары.