Саясат

Қоғамдық дертпен бірлесіп күресудеміз

Қоғамдық дертпен бірлесіп күресудеміз

Елімізде жемқорлықпен күреске үлкен мән беріліп, оны барынша пәрменді жүргізу уақыттың басты талабына айналды. Жемқорлықтың індет екендігін, қоғамға зиян тірлік екендігін көтермей жүрген басылым, арнайы хабар бермей отырған телеарна жоқтың қасы. Ал мемлекеттік тұрғыдан, құқық қорғау органдары тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес күшеймесе, саябырсыған жоқ.

Бұл ретте, бүгінде көпшіліктің сеніміне ие болып отырған «Нұр Отан» партиясының атқарып отырған жұмыстарының орны ерекше. Мемлекет басшысы осы жылдар ішінде сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің дамуына, оның экономикасының қарыштап өсуіне және қоғамның саяси тұрақтылығына тигізер қатерін ашық айтып келеді. Еліміздің дамуына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында еліміздің құқықтық cауаты артып, жүздеген жаңа заңдар мен нормативтік актілер қабылданды. Олардың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы заң да бар. Өкініштісі, ел өмірінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері бой көрсетіп жатады. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпыхалықтық сипатқа ие болуы қажет. Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасында жемқорлыққа қарсы күрес бағытында тиісті жұмыстарды үнемі жүргізіп отыру дағдысы орныққан. Басқарма жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарын жүргізу барысында облыстық прокуратурамен әзірленіп, облыстық мәслихаттың 2015 жылдың 26 наурызындағы №35-9 шешімімен бекітілген «Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» және облыс әкімі бекіткен «Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2015 жылға арналған кешенді әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жоспарын» басшылыққа алып отыр. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы тұрақты түрде басшылыққа алынып келді. Басқарманың ұйымдастыруымен сала қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы күрес пен алдын алуға бағытталған облыстық прокуратура, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жауапты өкілдерінің қатысуымен өткен жылы 2 семинар-кеңес, 1 «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Онда ең өзекті мәселелер талқыланып, хаттамалық шешімдермен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында тиісті органдарға тапсырмалар беру жүйесі орнықты. Басқарма бұл жұмыстарды биылғы жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мақсатында «сенім телефоны» жұмысының тиімділігі арттырылып, қызметтік нөмірлерден бөлек, «сенім телефонының» жеке нөмірі 51-71-95 болып белгіленіп, қоңырауларды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізу жауапты қызметшіге жүктелді. Сондай-ақ, «сенім телефоны» басқарманың www. zhambylsport.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Нормативтік-құқықтық ақпарат» атты бөлiмдер ашылып, онда тиісті нормативтік-құқықтық актілердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi салалық бағдарлама мен басқарманың іс-шаралар жоспары мәтіндері орналастырылған. Басқармаға түскен азаматтардың өтініштері Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралады және «Айқын» бағдарламасына тіркеліп, тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасына есеп тапсырылып отырады. Жалпы алғанда, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы алдағы жұмыстарын ұйымдастыруда мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу және мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызмет этикасын сақтауға жете мән беруді басты назарда ұстайтын болады.

Гамлет Қайнарбеков, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.