Денсаулық

Әлемнің кез келген жеріне терабайт көлемдегі интернет беретін жер серігі жасалады

Әлемнің кез келген жеріне терабайт көлемдегі интернет беретін жер серігі жасалады

Американың ViaSat коммуникациялық компаниясы әлемнің кез келген нүктесінде жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ететін жаңа жерсеріктерін жасай бастағанын жария етті.

Бұл үшін терабайт ақпарат бере алатын ViaSat-3 жерсеріктері пайдаланылады. Ол көлем қалған барлық коммерциялық жерсеріктерінің интернет беру мүмкіндігінен де көп артық.

Жобаны іске асыруға Boeing компаниясы да атсалысады, алғашқы екі ViaSat-3 жерсерігі 2019 жылы пайдалануға берілмек. Олардың көмегімен кабель желісі арқылы ғаламторға шығу мүмкіндігі жоқ жолаушылар ұшағына, мұхиттағы кемелерге, шалғайдағы мұнай платформаларына жоғары жылдамықтағы интернет беріледі.

Қазіргі уақытта қолданыстағы ViaSat жер серігінің ғаламтормен қамтамасыз ету мүмкіндігі 140 Мбит/с.