Денсаулық

Асқар Жұмаділдаев өзі ұсынған есепті шығарған оқушыға $1000 сыйақы тағайындады

Асқар Жұмаділдаев өзі ұсынған есепті шығарған оқушыға $1000 сыйақы тағайындады

Академик Асқар Жұмаділдаев өзі ұсынған есепті шығарған оқушыға 1000 доллар бермек деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Академик Асқар Жұмаділдаев «Алгоритм» журналына берген сұхбатында осындай байқау жариялады.

Академик Асқар Жұмаділдаев математиканы шемішкеше шағатын бала­ларға теңдеу жасырып отыр. Атап айтқанда, ғалым х!+1=y2 деген теңеу жасырып, осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек дейді. Ғалымның өзі есептің: х=4, y=5, x! =24. 24+1=25 және x=5, y=11, 5!+1=120+1=121 деген екі шешімін айтып берген.

«Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сый­лық болар еді», – дейді академик.