Ғалымдар: ғаламторға жиі кіретін қарттар жалғыздықты сезінбейді
Ғалымдар: ғаламторға жиі кіретін қарттар жалғыздықты сезінбейді
Швед ғалымдары ғаламторға жиі кіретін қарттар жалғыздықты сезінбейді деген қорытындыға келіпті деп жазады 24.kz.
Олардың айтуынша, ғаламтор желісіне көп кіретін қарттар осы белсенділіктің арқасында жалғыздықты сезіне қоймайды екен. Бұл ғылыми жұмысқа қатысқан Эллинор Ларссон атты ғалым былай дейді:
«Бүгінгі технологиялар алға жылжып, озып кеткен заманда қарттардың түрлі шым-шытырық гаджеттер мен құрылғыларды пайдалануы қиындаған. Сол себепті халықтың жасы келген бөлігі шет қалуы мүмкін», – дейді ол.
Тәжірибелер қорытындысына сәйкес, күнделікті желіге кіретін қарттардың әлеуметтік тұрғыдан алғанда көңілдері жәй болады екен. Бұған олардың ғаламтордағы қауыммен тілдесуінен бойы сергіп, ғаламторда түсіністік табуы әсер ететін болса керек, деп жазады planet-today.ru.