Қазақстанда ажырасулар ең көп болатын ай анықталды
Қазақстанда ажырасулар ең көп болатын ай анықталды
Қазақстанда шілде айында ажырасулар көп болады екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мәліметіне сілтеме жасап. Мәселен, 2007-2015 жылдар аралығында дәл осы айда ажырасулардың саны 38 847-ге жеткен.
Жалпы алғанда, олардың мәліметінше, 2015 жылы 148 769 неке қиылған, 2014 жылы - 159 328 неке, 2013 жылы 168 417 неке, 2012 жылы 164 681 неке, 2011 жылы - 160 494 неке, 2010 жылы - 146 443 неке, 2009 жылы -140 386 неке, 2008 жылы - 135 280 неке, 2007 жылы - 146 379 неке.
Өз кезегінде ажырасулар саны келесідей: 2015 жылы - 53 293, 2014 жылы - 52 673, 2013 жылы - 51 482, 2012 жылы - 48 513, 2011 жылы 44 862, 2010 жылы 41 617 неке, 2008 жылы - 35 852 неке және 2007 жылы - 36 107. Сонымен қатар, шілде айы балалардың дүниеге келу көрсеткіші бойынша алда келеді. Мәселен, 2007-2015 жылдар аралығында осы айда 316 236 бала дүниеге келген.