Жаһан

Қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілсін

Қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілсін

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Д.Ақышев кездесу барысында Мемлекет басшысына ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар мен қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады. Қазақстан Президенті қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы дамытуға ықпал ету жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыз­дылығына тоқталып өтті. Елбасы шағын және орта бизнес субъектілеріне, сондай-ақ баспана құрылысын одан әрі жалғастыру ісіне қолдау көрсету қажеттігіне де назар аударды. Д.Ақышев экономиканың нақты секторын қаржы­ландыру шаралары елдің даму қарқынына оң әсерін тигізуі қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.