Батыс Қазақстанда қатерлі дертке шалдыққан анасына жаны ашыған қыз оған у беріп өлтірді
Батыс Қазақстанда қатерлі дертке шалдыққан анасына жаны ашыған қыз оған у беріп өлтірді
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз анасын өлтірген жергілікті тұрғынды 4 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне соттағы дереккөз хабарлаған.
Ол жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейді.
Іс материалдарына қарағанда, қатерлі ісікке шалдыққан әйел қиналғанын тоқтатайын деп өз қызынан сірке суын беруін өтінген. Сот-медециналық сараптаманың қорытындысы бойынша, әйелдің асқазаны мен ас өту жолын химиялық күйік шалған.