2015 жылы Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадаларда 276 алтын жүлде еншіледі
2015 жылы Қазақстан оқушылары халықаралық олимпиадаларда 276 алтын жүлде еншіледі
2015 жылы қазақстандық оқушылар жалпы білім беретін пәндерден халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан 1300- ден астам медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР БҒМ «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады.
Атап айтсақ, дарынды оқушыларымыз 30- ға жуық халықаралық білім додасына қатысып, 276 алтын, 384 күміс, 629 қола медаль, 20 грамота иеленді. Жүлделердің жалпы жиынтығы 1309-дан асады. «Биылғы оқу жылынан да үміт көп. Алматыда Наурыз айының басында оқушылар арасында Ө. Жолдасбеков атындағы математика мен механикадан халықаралық зерттеулер жобасының байқауы өтеді. Сондай-ақ 14-19 наурыз аралығында Көшетау қаласында математикалық бағыттағы республикалық олимпиада және 23-24 наурызда әл-Фараби атындағы республикалық олимпиада өтеді», - дейді орталық мамандары.