Денсаулық

Сутегі батареясы - смартфон қуаты бір аптаға жетеді

Сутегі батареясы - смартфон қуаты бір аптаға жетеді

20160103020124Британдық Intelligent Energy компаниясы екі жыл ішінде смартфондарға бір аптаға жуық қуат беретін сутегі аккумуляторын шығаруды жоспарлап отыр. Осындай батарея көлемі қазіргі қолданыстағы литий-иондық модельдермен бірдей сондықтан оны телефондарға орнатуға болады.

Bloomberg мәліметтеріне қарасақ, британдық өнертапқыштар атауын жарияламауды қалаған смартфон шығарушылардан $7,6 млн инвестиция алған. Егер бұл жобаға кедергі болмаса, 2018 жылы сутегі аккумуляторлы алғашқы телефон қолданысқа шығарылады.

Мобильдік құрылғы өндірушілер үшін шешімі табылмаған жалғыз кемшілік бар, ол - сутегі батареясын қолдану кезіндегі шығатын су буы.