Денсаулық

Қазақстандағы жыртқыш құстарға чип орнатылып, тіркеуге алынатын болады - А. Бербер

Қазақстандағы жыртқыш құстарға чип орнатылып, тіркеуге алынатын болады - А. Бербер

Қазақстандағы жыртқыш құстарға чип орнатылып, тіркеуге алынатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада аңшылық шаруашылығын дамыту және жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық Қауымдастығының бас директоры Александр Бербер айтты. Басқосуда былтырғы жылы Қауымдастық тарапынан атқарылған жұмысты қорытындылаған А. Бербер ағымдағы жылғы атқарылатын жоспармен де бөлісті.

«Біздің ұйым қазіргі уақытта еліміздегі жыртқыш құстар иелерімен жұмыс жүргізуде. Қауымдастық осындай құстарға чип орнату мен тіркеу және оларға паспорт беру жұмысын қолға алатын болады. Өткен жылы Алматы қаласындағы өкілдікте 2014, ал жалпы республика аумағында 261 құс тіркелді», - деді А. Бербер.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Үкімет деңгейінде шешімін табуы тиіс өзекті мәселенің бірі - қасқырлар санын да реттеу. «Алдағы күндері қасқырды аңшылардың объектісі ретінде, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің тізіміне енгізіп, арнайы әдістемелер арқылы олардың санын реттеу көзделеді. Осы арқылы біз алдағы уақытта жыл сайын еліміздегі қасқырлардың саны жайлы нақты мәлімет жинап, ветеринарлық-эпидемиологиялық қауіптер жайлы ақпараттарды тиісті мекемелермен бірлесе шешуге жағдай жасау қажет», - деді А. Бербер.