Денсаулық

Тұрғын үйлердің бағасы әлеуметтік бағдарланған болуы тиіс - ҚР Президенті

Тұрғын үйлердің бағасы әлеуметтік бағдарланған болуы тиіс - ҚР Президенті

«Несиеге берілетін тұрғын үйлерді салуға 149 млрд. теңге бөлуді тапсырамын, соның ішінде 22 млрд. теңге салымшыларға несиеге берілуі тиіс», - деді ҚР Президенті Н.Назарбаев Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.

Елбасы жеке құрылыс салушыларға қолдау көрсетуге қайтарымды негізде 97 млрд. теңге бағыттауды тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тұрғын үйдің бағасы әлеуметтік бағдарланған болуы тиіс екеніне аса мән берді.