Денсаулық

Токиода салынатын ғимараттың биіктігі 1700 метр болмақ

Токиода салынатын ғимараттың биіктігі 1700 метр болмақ

20160210072728Биіктігі 1 мың 700 метрді құрайтын  ең биік ғимарат Токиода салынатын болды. Ол шаһардың оңтүстік шығысындағы жағалауда тұрғызылмақ.

 Нысан осы күні әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Дубайдағы «Бурдж Халифа» мұнарасынан екі есе ұзын болады. Оның ішіне 55 мың адам жайғаса алады. Sky Mile деп аталатын кешен жан-жағынан жасанды аралдармен қоршалады және желге өте төзімді болмақ. Мұнда тұрғындар үшін сауда орталықтары, мейрамхана, қонақүй, кітапхана, емхана мен жаттығу залына дейін болады. Ғимараттың өзі экологиялық таза электр қуатымен қамтамасыз етілмек. Ал жоғарғы қабаттарда суды қайта өңдейтін арнайы құрылғылар орнатылады, деп хабарлайды 24.kz.