Ұлыбританияда екі түрлі нәсілдегі егіздер дүниеге келді
Ұлыбританияда екі түрлі нәсілдегі егіздер дүниеге келді
Англияда 20 жастағы Ханна Яркер мен 24 жастағы Кайл Армстронг дүниеге келген егіз қыздарынан бірнеше күннен кейін таң қаларлық өзгерістер байқаған. Бір-бірінен айнымайтын бүлдіршіндердің бірінің терісінің түсі қарая бастаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы “Комсомольская правда” сайтына сілтеме жасап.
Аққұба Анайя анасының тұқымына тартса, оның егізі Мила — қара нәсілді әкесіне ұқсаған. Егіздердің мінезі де екі бөлек екен. Мила өте тынымсыз келсе, Анайя сабырлылығымен көзге түскен.
Ханна адамдардың біразы өз қыздарының егіз екеніне сенбейтінін айтады. Тіпті, бұл жайтқа үйреніп те кеткен.
“Екеуінің бір күнде туылғанына өзіміз де сене алмай отырмыз”, — дейді жас ана.