Таразда «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты флешмоб өтті
Таразда «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты флешмоб өтті
Бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің алдында «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты флешмоб – акция өтті.
Акцияның мақсаты – егемен еліміздегі отансүйгіштік сезімін арттыру. Бейбітшілік, келісім, қоғамның бірлігі, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, халықаралық деңгейде мойындалуы. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетінің әлемдік биіктен көрінуі үшін білім, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлік пен тәуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсау.
Шараға 100-ден астам студент жастар қатысып «Қара жорға» әніне, қазіргі заманғы және клуб музыкасына би биледі, патриоттық сезімді арттыру мақсатында шоу көрсетті. Жастар аталған шараның тиімділігін айтып, алдағы уақытта үнемі өткізіліп тұрса деген ниеттерін білдірді.