Енді мерзімі өткен өнімдерді қоқысқа тастамайды
Енді мерзімі өткен өнімдерді қоқысқа тастамайды
Франция сенаты жаңа заңды бір ауыздан қабылдап, бірден күшіне енгізді. Құжатқа сәйкес, супермаркеттердегі жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді қоқысқа тастауға тыйым салынды. Пайдалану мерзімі шегіне жеткен азық-түлік өнімдері қайырымдылық ұйымдары арқылы тамаққа мұқтаж жандарға үлестірілетін болады. Ал тамақты қасақана бүлдіріп, ысырап қылған сауда нүктелері жазаға тартылады.