Денсаулық

Ғалымдар: Мешіттер мен ғибадатханаларға бару денсаулықты нығайтады

Ғалымдар: Мешіттер мен ғибадатханаларға бару денсаулықты нығайтады

Мешіттер мен ғибадатханаларға күнделікті барып тұру денсаулықты нығайтады, деп есептейді Норвегия ғалымдары. Ғалымдар  120 мың еріктінің қатысуымен өткен тәжірибеден кейін осындай мәлімдеме жасаған.

Белгілі болғандай, ғибадатханада болған адамдардың басым бөлігінде қан қысымы төмендейді, иммунитеті күшейіп, қан көрсеткіштері жақсарады екен. Зерттеу авторларының айтуынша, діни адамдарда қан қысымы аурулары сирек кездесіп, денсаулықтары анағұрлым мықты болады.

Алайда, дін мен денсаулықтың байланысын әлі нақты ашып айтпады, деп жазады шетелдік БАҚ.