Денсаулық

Елімізде Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің қағидалары бекітілді

Елімізде Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің қағидалары бекітілді

photo_24030Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің қағидалары бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет қаулысы 2015 жылдың 31 желтоқсанында шықты, қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң (ресми баспасөзде 4 ақпанда жарияланды) қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстанда 2007 жылғы 4 маусымынан бері мерекеленіп келеді.

Қағидаға сәйкес, Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын еліміз бойынша барлық жерде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге мемлекеттік заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – заңды тұлғалар), Қазақстан Республикасының елшіліктері және басқа да ресми шет елдік мекемелер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері және мекемелері тарапынан өткізілетін ресми, салтанатты рәсімдер немесе спорттық іс-шаралар кіреді.

Меркелеу рәсімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен безендірілген үй-жайларда салтанатты түрде өткізілуі тиіс.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігумен басталады және Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады.

"Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды. Мемлекеттік Гимнді оркестр, хор, оркестр мен хор орындайды не ол өзге де вокалдық және аспаптық түрде орындалады. Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде өткізілуі мүмкін шаралардың тізімі де жарияланды:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау жөніндегі шарасы; 2) медальдарды, төсбелгілерді, ведомстволық наградаларды, құрмет грамоталарды және алғыс хаттарды табыстау; 3) жаңа объектілердің, ұйымдардың ашылуы; 4) әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге ант қабылдату; 5) Қазақстанның мемлекеттілігі мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер; 6) кітапханалар мен музейлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған тақырыптық көрмелер мен экспозициялар; 7) көрнекті саяси, еңбегі сіңген және қоғам қайраткерлерінің сұхбаттары мен жарияланымдарын, тақырыптық бағдарламалар циклдарын шығару; 8) мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге, өз еліне деген мақтаныш және отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталған конкурстар, викториналар; 9) мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған басылым және естелік өнімдерін шығару; 10) Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған өзге де шаралар.

Қаулының толық нұсқасымен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтынан танысуға болады. moreInfo:http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/elmzde-memlekettk-ramzder-kunn-merekeleudn-kagidalaryi-267887/ copyRules