«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша Саяси кеңес мүшелерінің үкіметтік емес ұйымдар, медицина саласы өкілдерімен қатысуымен кездесу өткізді
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша Саяси кеңес мүшелерінің үкіметтік емес ұйымдар, медицина саласы өкілдерімен қатысуымен кездесу өткізді
Денсаулық сақтаудың кез келген қоғамның өмір сүру әрекетіндегі маңызы ерекше, өйткені, көп жағдайда елдің халықаралық алаңдағы бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын адамдық әлеуетінің дамуы оның жағдайына байланысты.
Медициналық сақтандыру қызметі – тек барлық қаржыны шоғырландыру емес, сондай-ақ, медициналық қызметтің сапасын бақылау да. Бүгін бізде бюджеттік қаржылар медициналық қызмет көрсетушілердің жабдықтаушыларына (емхана, стационар) комитеттер және өңірлік денсаулық сақтау басқармалары арқылы медициналық қызмет төлемдері жүргізіледі. Ал сапаны бақылау республикалық вертикальдік құрылым –Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті арқылы жүзеге асырылады. Бұл құрылымдар тегін медициналық қолдау мен медициналық қызметке бөлінген мемлекеттік қаржының Кепілдік мөлшері шеңберінде қаражатты бақылайды.
Осы және басқа да медицина саласына қатысты мәселелерді түсіндіру үшін ағымдағы жылдың 8 ақпанында міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңес мүшелерінің үкіметтік емес ұйымдар мен медицина саласы өкілдерімен кездесу өтті. Шараға Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Момбекова Гүлмайра Асанқызы, партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, №2 Тараз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Умаров Гулам Мухтарович, үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері, Жамбыл медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері, жасотандықтар, БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны партия облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова жүргізіп отырды. Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Момбекова Гүлмайра Асанқызы, партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, №2 Тараз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Умаров Гулам Мухтарович түсіндіріп, қойылған сауалдарға жауап берді.