Елбасы Түркия премьер-министрімен кездеседі
Елбасы Түркия премьер-министрімен кездеседі
Қазақстан Президенті бүгін Түркия Премьер-Министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесу өткізеді. Кездесуде сауда-экономика, транзит-көлік және энергетика салаларындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолдары талқыланады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, тараптар күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер мен өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың аспектілерін қарастырады.