Әлеумет

Электрондық үкімет – жұрт игілігіне

Электрондық үкімет – жұрт игілігіне

Мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру және халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында «Электрондық үкімет порталының» тиімділігін халыққа насихаттау – басты міндетіміз. «Электрондық үкімет» — мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктірген жалпы мемлекеттік жүйе. Қазақстан Республикасының «Электрондық үкімет порталы» (www.e.gov.kz) порталы арқылы әлемнің кез-келген жерінен отырып, барлық ХҚКО-дан алынатын анықтама түрлерін электрондық түрде алуға болады. Анықтама түрлерін атап өтетін болсақ: мекен-жай анықтамасын алу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, жұмыссыз азаматтардың анықтама алуы, сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама беру, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы секілді анықтама түрлері көп. Анықтама алудың еш қиындығы жоқ, алдымен ҚР «Электрондық үкімет порталынан» (www.e.gov.kz) тіркеуден өтесіз. Тіркеуден өту үшін: тіркеу батырмасын басып жеке немесе заңды тұлғаны таңдайсыз, содан соң келісімшартты оқып, «таныстым» деп белгі койып, уакытша тіркелуді басасыз, ЖСН, жеке куәлік нөмірін, туған күндеріңізді толықтай теріп, тексеру батырмасын басу арқылы өзіңіз туралы мәліметтер шығарасыз, дұрыстығын растап 8-ге дейін санды немесе әріптен тұратын пароль ойлап табасыз және қайталайсыз, электрондық поштаңызды жазып, тіркелуді басасыз. Содан кейін электрондық поштаңызға келген сілтеме бойынша өтіп, сіздің тіркелгендігіңіз жөнінде құттықтау сөзі шығады, осылайша сіз жүйенің қолданушысы ретінде тіркелесіз. Порталда төлемдер жүргізу үшін «электрондық цифрлық қолтаңба» (ЭЦҚ) талап етілмейді, бірақ ол кез-келген анықтама түрлерін алу үшін міндетті болып табылады. «Электрондық цифрлық қолтаңбаны» (ЭЦҚ) алу үшін ЭЦҚ алу батырмасын басып, 2-қадамға өту арқылы сіз «www.pki.gov.kz» жүйесіне енесіз. Суретте көрсетілген жасырын сөзді енгізіп, ЖСН, электрондық поштаңызды және сізге жақын орналасқан ХҚКО-ны таңдайсыз, порталдан шыққан өтінішті таңдаған ХҚКО-ға әкеліп тапсырасыз.

Ермек Абдиваитов, Тараз қалалық №4 ХҚКО-ның реттеу залы басшысының орынбасары.