- Advertisement -

Поэзия! Менімен егіз бе едің?»

107

- Advertisement -

Қалалық жастар ресурстық орталығына қарасты «Арай» аула клубының ұйымдастыруымен №43 орта мектепте ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналып өзге ұлт өкілдері арасында «Поэзия тұлпары» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Жасөспірім талапкерлер мұзбалақ ақынға өлең арнай отырып, поэзия әлеміне құштарлықтарын танытты. Бұл іс-шара өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін білсем, үйренсем деген ынтасын білдірді. Тілі де, тілегі де бір өзге ұлт өкілдерінің ойларын өлең тілімен жеткізуі Отанға деген құрмет, мемлекеттік тілді қолдаудағы бір жетістік деуге болады.
Қазылар алқасының шешімі­мен өзгелерден оқ бойы озық шыққан 5 сынып оқушысы Шыңғыс Мадалиев жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орын Илья Антиловке бұйырса, Ангелина Зикееваға үшінші жүлде берілді.
Мүшәйра жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталды. Әсерлі кешке жиналған жұрттың жүрегін ақиық ақын Мұқағалиға деген сағыныш тербеп тұрды.

Несіпкүл Еркінова,
«Арай» клубының жетекшісі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support