- Advertisement -

Темекіге өкпелеп жүргенде, қор-қор шықты

86

- Advertisement -

Қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы өте өзекті мәселелердің бірі темекі, кальян шегуді тоқтату болып тұр. Мектеп қабырғасындағы оқушы балалардың шылымды шірене шегіп бара жатқанын көргенде еріксіз жанымыз ашитыны рас. Темекі сатушылардың айтуынша, көбінде темекі саудасын қыздыратын және оны шегетіндердің басым көпшілігі жасөспірімдер көрінеді. Иә, қаншама жас ағза никотин мен темекі түтініне уланып жүр. Елдің ертеңі білімді жастар дейміз, жастар түтін мен «ащы судың» соңында кетіп жатса ертеңіміз не болмақ?
Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, өткен жылдың қаңтар айының 1-інен мамыр айының 31-іне дейінгі аралықта елімізде 15308 адам темекінің салдарынан көз жұмған көрінеді, яғни, әрбір 20 минут сайын 29 қазақстандық темекінің құрбаны болады екен. Оның қорабының сыртына «қыздарды бедеулікке, ерлерді белсіздікке әкеледі» деп жазып, қорқынышты суреттер салып, психологтар жұмыс істеп, полиция мамандары кәмелетке толмаған жасөспірімдерге темекі сатуға тыйым салып жатса да, мамандардың айтуынша, темекі шегетіндердің саны азаяр емес.
Қазіргі таңда темекіге қоса кальянға әуес жастар да көбейіп барады. Мейрамханаға бара қалсаңыз кальянға тапсырыс беріп, кальяншінің саудасын қыздырып жатқан жас тұтынушылар өте көп. Бес-алты адам бас қосқандағы ермегі – кальян шегу. Ал осы тұста тазалық сақталатынына сенімдісіз бе? Бірінің аузынан бірі жұлып алып, қор-қорды бұрқыратып отырғандарға қарап, алғаш ойға келетіні осы. Сізден өткен кальян ертеңіне басқа үстелдегілерге қызмет көрсететіні сияқты сізге дейін «ауыз тигендері» бары анық. Жұқпалы ауру қайдан келері осыдан түсінікті емес пе? Ендеше қазақ жастары ойлануы керек-ау…

Айнұр СМАҒҰЛОВА,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың
4-курс студенті.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support