- Advertisement -

Ардагерлер де тыс қалмайды

80

- Advertisement -

Алдиярбек ТҮСІПОВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы.

Жуырда өткен «Нұр Отан» партиясының XVII съезінде Елбасы көкейде жүрген мәселелерді көтерді. Мемлекет басшысының осы басқосуда халыққа арнаған сөзі дағдарысты еңсеріп, ығыстыруға, елімізді бар салада ілгері бастыруға байланысты алға қойылған міндеттер мен мақсаттардың қалай жүзеге асырылуы тиістігін тағы бір мәрте ой елегінен өткізіп, нақтылай түсуі деп қабылдадық.
Съезде Нұрсұлтан Әбішұлының елімізді әлемге танытқан спортшы сайыпқыран жастардың есімін халық алдында үлгі етіп атап-атап айтқаны бізді де ерекше сүйсіндірді. Бұл – қазірдің өзінде кәсіби шеберліктің шыңына шыққан жастарға сенгені, сенім білдіргені. Жалпы Елбасымыз өзінің жыл сайынғы Жолдауларында, жұртшылықпен кездесулерінде де жастардың өз елінің шын патриоты болуы үшін қандай қиындықтан да қашпауы тиістігін, әсіресе, жасынан еңбекті, еңбек адамдарын құрметтеп өсуі керектігін саналарына құюдай-ақ құюмен келеді. Ең бір атап өтерлігі, Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық еңбегінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын табанды түрде өмірге енгізу қажеттігін тағы да атап көрсеткені дер едік. Мұны біз де құптаймыз. Осы тұрғыда келер жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы басталатыны көңілімізге нық сенім ұялатып отыр. Бұл, сөз жоқ, жастардың өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еңбек дағдыларына машықтануына да жағдай жасайды.
Мемлекет басшысының қазіргідей сын-қатерлері көп кезеңде бірлігі бар елдің тірлігі де өнімді екенін айтып, ұйымшыл болуға, мемлекетіміз алға қойған ауқымды міндеттерді бір атаның балаларындай бірлесе жүзеге асыруға шақыруын құп аламыз. Шын мәнінде де, бейбіт те берекелі заманда тату келісім мен тұрақтылық сақталып, еліміздің алға қарай қарыштап дамуы үшін ардагерлердің алдында жас ұрпақты еңбекті сүюге, ұлықтауға, мәнін, қадірін білуге, қарапайым мамандық иелерін құрметтеуге тәрбиелеу секілді қыруар іс тұр. Бұл біздің қолымыздан келеді. Ардагерлердің тағылымды ісі жастар үшін тәрбие көзі деп санаймыз, әрі ортақ игілікті үстеуге үлесімізді де қосамыз.
Мемлекет көтерген бастамалардың барлығы да «Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындап отырғаны мәлім. Еліміз өзінің Ұлт Жоспарын нақтылы әрі нәтижелі түрде жүзеге асыратын жаңа кезеңіне аяқ басты. Еліміздің барлық салалары алға қойылған осы міндеттер үдесінен шығуға әзір. Алдымызда биылғы саяси маңызы зор оқиға – Парламент Мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау науқанын ұйымшылдықпен жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. Өйткені, еліміздің жоғарғы заң шығарушы органында, жаңа сайланған депутаттық құрамда ақыл-ойы кемел, ұлтжанды, білімді де білікті азаматтардың қызмет етуі елімізді жаңа биіктерге көтеретіні анық.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support