- Advertisement -

Балама негізде таңдауды бастадық

92

- Advertisement -

Күні кеше ғана Елордамыз Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезі өткізіліп, онда партияның жаңа бағдарламасы қабылданып, Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысатын үміткерлердің есімдері белгілі болды. Съезде Елбасы баяндамасынан бүгінгі даму жолымыздың дұрыстығына тағы да бір мәрте көз жеткіздік. Мемлекет басшысы партияның алдағы 5 жыл ішінде жүзеге асыратын негізгі бес бағыты бойынша нақты тапсырмалар берді. Алға міндеттер белгіленді, мақсат айқын. Ол – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру, әлеуеті күшті, өркениетті 30 елдің қатарына ену, Мәңгілік Ел құру. Мемлекет басшысы алға қойған іргелі істерді жүзеге асыру үшін, әсіресе, «нұротандықтарға» айрықша міндеттер жүктеліп отыр. Айтулы жиынға қатысушының бірі ретінде ол жақтан үлкен әсермен, айрықша жігермен қанаттанып оралдым.

Енді партия мүшелерін съезд алға қойған бағдарламаны жүзеге асыруға жұмылдыру ісін бастап кеттік. Біз алдағы жергілікті мәслихаттар депутаттары сайлауына лайықтыларды бастауыш партия ұйымдарына ұсынып, баламалы негізде таңдауды бастадық. Жаңадан жасақталатын мәслихат депутаттары білімді, іскер азаматтар болуы тиіс деп шештік. Бұл – Елбасының тапсырмасы.
«Нұротандықтар» ұсынған халық қалаулылары сайлаушылар сенімін ақтауы тиіс. Әрине, олар ең алдымен сайлау науқанында қарсыластарынан анағұрлым басым түсуі керек. Сонда ғана Елбасының сара саясатын жүзеге асыруға белсене қатысып, біліктілік, саяси сауаттылық танытатын кезең тумақ.
Партия сол үшін жұмыс жасай бермек.

Талғат Жұмабек,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support