- Advertisement -

«Ауылдың» қоғамдық штабы құрылды

77

- Advertisement -

«Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабы өз жұмысын бастап, оның қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру мәселесіне арналған алғашқы жұмыс отырысы өткізілді.

Біз бүгін сайлауалды бағдар­лама­мызды сайлаушыларға жеткі­зу үшін «Ауыл» халықтық-демо­кра­тиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық шатабын құрып отырмыз, деп сөз бастаған пар­тия төрағасы Әли Бектаев штаб­тың еш үзіліссіз, тәулік бойына ты­нымсыз жұмыс атқаратынын айтты.
«Штабтың басты міндеті – сай­лауалды бағдарламамызды сайлау­шыларға жеткізу, ұсынылған кандидаттар туралы толығырақ ақпарат беру, үгіт-насихат жұмыстарының бел­сенділігін арттыру. Ақпан айы­ның алғашқы күні партияның кезек­тен тыс XII съезі өтіп, онда біздің партияның Парламент Мәжі­лісіне және жергілікті мәсли­хат­тарға депутаттық үшін сай­лауға қатысатыны туралы ше­шім қабылданды. Біз өмір­лік те, өндірістік те тәжірибе жи­нақ­та­ған белгілі азаматтардан тұратын үміткерлерімізді, яғни 19 кан­­ди­даттың сайлауға қаты­саты­нын анықтадық», – деді.
Штабтың төрағасы болып «Ауыл» партиясының орталық ап­паратының жетекшісі Рүстем Жоламан бекітілгенін айтқан пар­тия төрағасы республикалық штабқа «Ауыл» партиясының бас­шылық құрамында жүрген аза­маттар, қоғам қайраткерлері және үкіметтік емес ұйымдардың бас­шылары кіріп отырғанын және бүгіннен бастап барлық өңір­лерде осындай облыстық штаб­тар құрылатынын жеткізді. Сон­дай-ақ, ол күні-түні жұмыс істей­тін штабтың өте белсенді болуы­ның партияның сайлауалды бағдарламасын әрбір электорат мүшесіне жетуінде аса зор ықпалы болатынын айтты және жоспарға қойылып отырған әрбір шараның жоғары ұйымдасқан түрде, ешбір кедергісіз өтуінің штаб алдына қой­ылған басты да, маңызды міндет­тің бірі екеніне мән берді.
Отырыста мәлім болғандай, рес­публикалық штаб сайлау қорын құрып, ол қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуын бақылап, сондай-ақ, сенім білдірілген адамдар мен депу­таттықтан үміткерлердің жұмыс жоспарын дайындауға да ат са­лы­сатын көрінеді. Сондай-ақ, оты­рыс барысында қоғамдық штаб­тардың жұмыс жоспары бекіті­лу­мен қатар, іс-шаралардың нақты күнтізбелік жоспары да түзіліп, өңір­лерге жеткізілетіні айтылды.
«Республикалық қоғамдық штабтың жұмыс істеуіне бар мүм­кін­діктер жасалды. «Ауыл» пар­тия­сының республикалық штабы заң­ды бұзбай, сайлаудың барлық талап­тарының деңгейінде жұмыс жасай­ды деген ойдамын»,– деген Әли Бектаев штабқа дауыс беру құ­қығы бар әрбір Қазақстан азаматы­на партия бағдарламасының жетуі­нің маңыздылығына тоқта­лып, республика көлемінде әр аудан­да, елді мекендерде, шағын ауыл­дарға да дауысымыз жетуі тиіс, өйт­кені, біздің сайлаушыларымыз ауыл тұрғындары, ауылдан шыққан, оған бүйрегі бұратын азаматтар деген ұстанымын көлденең тартты.
Штабтың жетекшісі болып тағайындалған Рүстем Жола­ман: «Партия басшысы біздің ал­дымызға сайлауалды жұмыстарды жүргізуде үлкен міндеттер қойып отыр. Біз алдымен жұмыс жос­парын дайындап қана қоймай, аймақтарда штабтар жасақтауға, электоратқа түгелдей дауысымыз жетіп, партия күшіне сенімдерін нығайтуға тиіспіз. Уақыт болса өте аз, 20 наурыз әне-міне дегенше жетіп келеді. Алдымызда қысқа мерзім ішінде материалдық және үгіт-насихатқа қажетті барлық заттарды дайындау және жасалған кес­теге сәйкес штабтардың жұмы­сын бастау міндеті тұр. Күн-түн демей штаб үзіліссіз, еш тоқтаусыз жұ­мыс істейді», – деді.
Сонымен, «Ауыл» халықтық-де­мократиялық патриоттық пар­тия­сының республикалық қоғамдық штабы Астана қаласындағы Тұран көшесіндегі партия ғимаратында жұмысын бастады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support