- Advertisement -

Партия қатары жаңа мүшелермен толықты

75

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында партия қатарына жаңа қабылданған азаматтарға партиялық куәлік тапсыруға арналған салтанатты жиын өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңес бюросының мүшелері, «жасотандықтар» мен студент жастар қатысты.

Жиын барысында партияның облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Айнұр Келімбетова алдымен «Нұр Отанның» 2017 жылға дейінгі сайлауалды тұғырнамасы оның мүшелерінің белсенді жұмыстарының арқасында толығымен орындалғанын айтып, жаңа 2021 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырып өтті.
Мұнан соң бүгінгі таңда партия қатарына түрлі саланың тек үздіктері қабылданып жатқандығын жеткізе келе, бірқатар азаматтарға партиялық куәліктерді тапсырды. «Нұротандық» болу абырой ғана емес, үлкен жауапкершілік екенін айтып, партияның жаңа мүшелеріне толайым табыстар тіледі.
Өз кезегінде партияның жаңа мүшесі, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас есепшісі Гүлжан Әшімханқызы:
– Партия қатарында болу – мен үшін үлкен абырой. Елбасымыздың өзі төрағалық ететін «Нұр Отанның» атына кір келтірмей, ел игілігі жолында аянбай еңбек ету – ендігі менің басты мақсатым. Партия қатарына қабылдап, үлкен сенім артып, салтанатты түрде куәлік тапсырғандарыңызға алғысымды білдіремін, – деді.

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support